Маңызды ақпарат!
«Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексін» қолданысқа енгізу туралы 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексінің 65-бабы 5-тармағына сәйкес (құжат 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енді), табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосылу немесе реттелетін қызметтер көлемін арттыру бойынша техникалық шарттарды беру Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі (МҚК АЦЖ / ACS GGK) арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, техникалық шарттарды беру, сондай-ақ жер учаскелеріне құқықтарды тікелей беруге қатысты өтініштерді қарау МҚК АЦЖ (https://gov.ggk.kz) порталы арқылы орындалады.
Қызметті желіде (онлайн) қалай алуға болады:
- МҚК АЦЖ порталына кіріп, «Қызметті алу» сілтемесін басыңыз.
- Өтінім өрістерін толтырып, нысанның орналасқан жерін (қажет болған жағдайда) көрсетіңіз және сұралған құжаттарды жүктеңіз.
- Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойып, «Өтінімді жіберу» түймесін басыңыз.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Өтініш нысаны;
- Жеке тұлғаның жеке куәлігі / заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі немесе анықтамасы;
- Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (егер ол «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорында тіркелмеген болса);
- Инженерлік және коммуналдық қызметтерге қосылуға арналған техникалық шарттарды алуға сұраным-сауалнаманың электрондық көшірмесі (техникалық шарттар қажет болған жағдайда).
Қызмет көрсету нәтижесі:
- Оң шешім қабылданған жағдайда: Аудандық жылу/электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар.
- Теріс шешім қабылданған жағдайда (немесе жүктелген құжаттар мен ұсынылған мәліметтерде қателер анықталса): Дәлелді бас тарту хаты.