Орнатылған қуаттылығы
Жылулық - 168 Гкал/сағ.
Электрлік - 74 МВт
Қазіргі (нақты) қуаттылығы
Жылулық – 108 Гкал/сағ.
Электрлік - 62 МВт

Экология

Экология

«Согра ЖЭО» ЖШС өз қызметін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы-  ҚР ЭжТРМ ЭРжБК ШҚО  бойынша экология департаменті  берген қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат негізінде жүзеге асырады.

Алынған экологиялық рұқсатқа сәйкес «Согра ЖЭО» ЖШС қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындайды.

Сондай-ақ, «Согра ЖЭО» ЖШС-де «Рұқсат етілген шығарындылар нормативтері», «Рұқсат етілген төгінділер жобасы», «Қалдықтарды басқару бағдарламасы» суды алуға және ағызуға арнайы су пайдалануға рұқсаттары қолданылады.

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес «Согра ЖЭО» ЖШС-де ұлттық аккредиттеу орталығы ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 стандартының талаптарына сәйкес аккредиттелген өзінің санитарлық-өнеркәсіптік талдау зертханасының күшімен өндірістік экологиялық бақылауы жүзеге асырылады.

«Согра ЖЭО» ЖШС-де ҚР СТ ISO 14001-2016 халықаралық стандартына сәйкес келетін экологиялық менеджмент жүйесі жұмыс істейді.

Сертификаттауды «QAZAQ certification» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы жүргізді.

Кәсіпорын аумақты және санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыруды үнемі жүргізеді, сенбіліктер мен экологиялық акцияларға қатысады, макулатура жинау бойынша акциялар өткізіледі.

Байланыс

Мекен-жайы : Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 070017,
Өскемен қ., Согринская к., 223/32 (картаға қарау)

Кеңсе / директордың қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 203-359
Email: inbox.stets@sgsk.kz

Кадр бөлімінің басшысы - Замира Ахмеджанова: +7 (7232) 203-357

Кері байланыс