«Согра ЖЭО» ЖШС сапа, экология, энергоменеджмент, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы интеграцияланған Саясат
«Согра ЖЭО» ЖШС электр энергиясын өндіруді және өткізуді, жылу энергиясын өндіруді жүзеге асырады. Белгіленген 75 МВт электр қуаты бар және белгіленген 168 Гкал/сағ жылу қуаты.
Согра ЖЭО" ЖШС – нің басым мақсаты жоғары үнемділік, өндірістің сенімділігі кезінде біздің Тұтынушыларымыздың қанағаттанушылығын арттыру, қолайлы қоршаған ортаны сақтау, энергия ресурстарын ұтымды пайдалану, жұмыстарды қауіпсіз орындау, менеджменттің Интеграцияланған Басқару Жүйесінің (бұдан әрі-ИБЖ) жұмыс істеуі кезінде қызметкерлер мен басқа да мүдделі тараптардың өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелдерді жою болып табылады.
"Согра ЖЭО" ЖШС басшылығы ИБЖ саласында келесі міндеттемелерді өзіне алады:
- жылу және электр энергиясын сенімді жеткізушісі болу, шарттық міндеттемелерді сақтау, өйткені біздің Кәсіпорынның табысының негізі біздің Тұтынушыларымызбен ұзақ мерзімді сенімді қарым- қатынастарының қалыптасуы және сақталуы болып табылады;
-Қазақстан Республикасы заңнамасының, менеджмент жөніндегі ISO халықаралық стандарттарының талаптарын сақтау;
- әрбір қызметкердің құзыреттілігі мен жалпы мәдениетін арттыру, ішкі және сыртқы тұтынушылар алдындағы өз қызметінің сапасы үшін, экологияның жай-күйі, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті сезіну, тұрақты оқыту процесін ұйымдастыру;
- ISO 9001, ISO 14001, ISO 50001 және ISO 45001 стандарттарының талаптарына жауап беретін процестер ретінде қызметті және тиісті ресурстарды үздіксіз басқаруды ұйымдастыру және қолдау;
- қоршаған ортаның ластануын болдырмау, жарақаттанудың және денсаулықтың нашарлауына жол бермеу, сонымен қатар тиісті шараларды жоспарлау және өткізу арқылы сапа, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында, энергия үнемдеуде қызмет көрсеткіштерін үнемі жақсартуға ұмтылу;
- жобалау саласында үнемі жақсартуларға жетелеп отыратын және энергетикалық сипаттамасы жақсартылғын құрылғыларды сатып алуға бағытталған энергоресурстарды тиімді пайдалану бойынша біздің қызметімізге жедел сараптаулар мен энергожобалау жүргізіп отыру;
-қоршаған ортаға парниктік газдар шығарындыларын азайту мақсатында энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану;
- сапа, экология, энергия үнемдеу, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы талаптар мен нормаларымен мердігер ұйымдардың өкілдерін таныстыру және олардың мүлтіксіз сақталуын талап ету;
-ISO стандарттарының талаптары бойынша сапалы менеджмент саласындағы кәсіпорынның қызметі туралы қызметкерлермен және жұртшылықпен ашық сөйлсеуді қолдау;
- кәсіпорынның әрбір жеке қызметкері өз жұмысын орындау барысында өз қауіпсіздігі үшін де, әріптестері мен тұрғындарының қауіпсіздігі үшін де жауап береді.
Кәсіпорынның жоғары басшылығы аталған Саясатты барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету бойынша өзіне міндеттеме алады, ал әрбір қызметкер өз құзыреті шегінде оны іске асыру үшін жеке жауапты болады.
Бас директоры «Согра ЖЭО» ЖШС
Н.С. Рамазанов«1» желтоксан 2025 жыл