Согра ЖЭО негізгі принцптерінің бірі болып-қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін мен денсаулығын сақтау болып табылады. Кәсіпорындағы еңбекті қорғау саласында басты тапсырма болып станция мен мердігер ұйымдар қызметкерлерінің жазатайым оқиғаға ұшырамауын қамтамасыз ету болып табылады.
«Согра ЖЭО» ЖШС басшылығы экология, денсаулықты қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында өзіне міндеттемелерді алады.
Еңбекті қорғау жүйесіне енеді:
- Қауіпсіздік техникасы бойынша бұзушылықтарды болдырмау саясаты;
- Алдын-ала ескерту қауіпсіздігі-жұмыс орнында бар және болуы мүмкін қатер мен тәуекеліліктерді анықтау;
- Жұмыс орындарын даярлауда қатер мен тәуекелділіктердің алдын алу мен жою бойынша шараларды анықтау; жұмыс орындарында тексеру жұмыстарын жүргізу;
- 1С:Safety Walk-ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында тексерулерді тіркеу бағдарламасы. Кәсіпорын қызметкерлерінің жүргізген тексеру үрдістері және оның нәтижелері Safety Walk бағдарламасына тіркеледі, ол өз кезегінде бригадалардың жұмыс орындарындағы қауіпсіз емес әрекеттерін анықтауға, және анықталған бұзушылықтарды есепке алуды қамтамасыз етеді;
- Ауыстыру бланкілерімен жұмыс жасауға арналған және бекітілген жабдықтардың өздігінен немесе аяқ асты ашылып кетуіне жол бермейтін LOTO жүйесін пайдалану;
- Қызметкерлердің ЕҚ және Экология саласындағы ақпараттарын арттыру үшін жүйелі түрде ЕҚ және Экология Күндерін өткізіп отыру;
- Белгіленген ережелерді сақтамаған жағдайда мердігер ұйымдарға «Жұмыстар/қызметтерді қауіпсіз орындаудың міндетті шарттары» қосымшасы негізінде талап-арыз жазылады.
Куәландыру
Кәсіпорын сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001, экология менеджментінің ISO 14001 және еңбек қауіпсіздігінің OHSAS 18001 сәйкестігіне куәләндірілген.