Мекенжайы: ШКО,Өскемен к.,Согринская к-сi, 223/32
    Кеңсе / Қабылдау бөлімінің директоры: +7 (7232) 203-359 
    Email: inbox.stets@sgsk.kz 

    Саясат

    Новости

    29 и 30 ноября 2019 года общественное объединение "Локальный профсоюз энергетиков ВКО"

    ...

    Паспорт готовности - это ежегодно выдаваемый документ Комитетом атомного и энергетического

    ...

    «Согра ЖЭО» ЖШС сапа, экология, энергоменеджмент, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы интегралды Саясаты

    «Согра ЖЭО» ЖШС электр энергиясын өндіруді және сатуды, жылу энергиясын өндіруді, таратуды және сатуды іске асырады. Белгіленген 232 Гкал/сағ жылу қуаты және белгіленген 75 МВт электр қуаты бар.
    «Казақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС-ның еншілес кәсіпорны бола отырып «Согра ЖЭО» ЖШС-ның басым мақсаты жоғары үнемділік, өндірістің сенімділігі арқылы біздің Тұтынушылардың қанағаттанушылығын жоғарылату, қолайлы қоршаған ортаны сақтау, жұмысты қауіпсіз орындау және Интеграцияланған Менеджмент Жүйесінің (бұдан әрі-ИМЖ) жұмысы барысында энергоресурстарды тиімді пайдалану, қызметкерлер мен басқа құзіретті тараптардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді жою болып табылады.

    «Компанияның негізгі басымдылықтарын бастамаға ала отырып «Согра ЖЭО» ЖШС ИМЖ саласында өзіне келесі міндеттемелерді алады:

    • Жылу және электр энергиясының сенімді жеткізушісі болу, шарттық міндеттемелерді сақтау, Тұтынушылармен ұзақ мерзімді сенімді қарым-қатынастарды қалыптастыру және сақтау мақсатында олармен кері байланысты қамтамасыз ету;
    • Шығындарды қысқартуға, операциялардың тиімді өсуіне, жаңа заманауи технологияларды қолдануға, қолда бар активтерді жаңартуға ұмтылу;
    • Кәсіпорынның өндірістік, қаржылық және адами ресурстарын ұтымды пайдалануға ұмтылу;
    • Қазақстан Республикасы заңнамаларының және Корпорациясы стандарттарының талаптарын, менеджмент жөніндегі ISO халықаралық стандарттарын сақтау;
    • Экологиялық менеджментті арттыруға әкелетін Кәсіпорынның операциялық қызметі барысында экологиялық балансты сақтауға ұмтылу;
    • Әр қызметкердің кәсіби біліктілігі мен жалпы мәдениетін үнемі арттыру және жүйелі білім беру;
    • ISO 9001, ISO 14001, ISO 50001 және OHSAS 18001 стандарттарының талаптарына сай болатын процестер ретінде қызметпен және тиісті ресурстармен үздіксіз басқаруды ұйымдастыру және қолдау;
    • Әрдайым ИМЖ-ның нәтижесін арттыру ,қоршаған ортаның ластануын болдырмау, жарақаттанудың және денсаулықтың нашарлауына жол бермеу, сонымен қатар тиісті шараларды жоспарлау және өткізу арқылы сапа, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында, энергия үнемдеуде қызмет көрсеткіштерін үнемі жақсартуға ұмтылу;
    • Қоршаған ортаға парниктік газ шығарындыларын азайту мақсатында энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану;
    • Қызметіміздің жобалау саласында үнемі жақсартуларға жетелеп отыратын және энергетикалық сипаттамасы жақсартылғын құрылғыларды сатып алуға бағытталған энергоресурстарды тиімді пайдалану бойынша жедел сараптаулар мен энергожобалау жүргізіп отыру;
    • Сапа, экология, энергия үнемдеу, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы талаптар мен нормаларымен мердігер ұйымдардың өкілдерін таныстыру және олардың мүлтіксіз сақталуын талап ету;
    • ISO cтандартарының талаптары бойынша менеджмент сапасы саласындағы кәсіпорын қызметі туралы тұтынушылармен, серіктестермен және қоғаммен ашық сөйлесуге ұмтылу;

    Кәсіпорынның әрбір жеке қызметкері өз жұмысын орындаған кезде өзінің меншік қауіпсіздігі мен өзінің әріптестері мен халықтың қауіпсіздігіне жауап береді. Кәсіпорынның жоғары басшысы аталған Саясатты барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету бойынша өзіне міндеттеме алады, әрбір қызметкер өз құзіреті аясында оны іске асыруға жеке жауап береді.

    Бас директоры «Согра ЖЭО» ЖШС 
    В.П. Томилов «20» маусым 2017жыл

    © 2019 ТЭЦ «Согринская» Все права защищены. | https://arctika.kz